Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Жетісу облысындағы "Өркен балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында мекеме қызметкерлері 2015-2022 жж. Жұмысқа қабылданып, шын мәнінде еңбек қызметін нақты жүзеге асырмаған алты адамға жалақыны есептеу арқылы 16 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз аударғаны анықталды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.