Орман кодексінің 51 бабы 1 тармағына сәйкес табиғи екпелер мемлекеттік орман қорына енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мемлекет басшысы еліміздің орман қорын ұлғайтуды тапсырды, өйткені бұл бағыттағы жұмыс экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша әкімдік барлық мүдделі органдардың қатысуымен комиссия құрып, анықталған учаскелерді облыстық орман қорының құрамына енгізу бойынша жол картасын әзірледі.
Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша анықталған 9412 гектар жер облыстық орман қорына (Алакөл және Үйгентас орман шаруашылығы алқаптарына қоса) берілді.