Жетісу облысында пәтерден өрт шығып, 2 бала құтқарылды

347

Өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін 40 азамат, оның ішінде 16 бала тұрғын үйден өз бетінше эвакуацияланды. 

Жетісу облысында пәтерден өрт шығып, 2 бала құтқарылды Фото: gov.kz

Жетісу облысы Үшарал қаласында бүгін сағат 10:18-де тұрғын үйлердің бірінде пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қабылданған шаралармен баспалдақ маршымен 2 азамат құтқарылды. Үш тізелі баспалдақ арқылы 2 бала құтқарылып, жедел медициналық көмек қызметкерлеріне берілді. Өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін 40 азамат, оның ішінде 16 бала тұрғын үйден өз бетінше эвакуацияланды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт сағат 10:57-де 20 ш.м. алаңда жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу