Жетісу облысында пойыз бір адамды басып кетті

145

Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.  

Жетісу облысында пойыз бір адамды басып кетті Фото: pixabay.com

Бөгде адамның темір жол бойына кенеттен шыға келуіне байланысты машинист шұғыл тежеуді қолданған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– 6 тамызда сағат 19-52-де Қарабұлақ-Тентек аралығында машинист бөгде адамның темір жолға кенеттен шыға келуіне байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Қашықтықтың қысқалығынан басудың алдын алу мүмкін болмады, – делінген хабарламада.

ҚТЖ азаматтарды өте мұқият болуға және темір жолдардың жанында болу ережелерін сақтауға шақырады.

– Рұқсат етілмеген жерлерде жолдарды кесіп өту қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін еске саламыз, – деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу