Жетісу облысында полиция бөлімінің ғимаратын "миналап" тастаған

548

Тәртіп сақшыларын аяғына тік тұрғызған тұрғынның кім екені анықталды.

Жетісу облысында полиция бөлімінің ғимаратын "миналап" тастаған

16 тамыз кешкі сағат 18:30 шамасында Талдықорғандағы облыстық полиция департаментінің әкімшілік ғимараттарының бірі миналанған деген белгісіз қоңырау келіп түсті.

Жеке құрам ғимараттан эвакуацияланды. Оқиға орнына саперлер, кинологтар және басқа да мамандар шақырылды. Олар ғимаратты толық тексерді. Ақпарат расталмады.

Қоңырау шалған тұлға анықталды. Ол 1978 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам мас күйде болған. Тұрғын ұсталып, қалалық полицияға жеткізілді. Факті бойынша тергеу басталды.

Фото: polisia.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу