Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожол жабылды

367

Ауа райының қолайсыздығына байланысты "Үшарал-Достық" республикалық маңызы бар автожолының бөлігі жабылды.    

Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожол жабылды Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ұлттық оператор бүгін сағат 18.00-дегі ахуал бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты Жетісу облысының "Үшарал-Достық" республикалық маңызы бар автожолының Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі 84-184 шақырым аралығындағы учаскеде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

"Осы уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп, ұстауға 580 техника және 1129 жол маманы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу