Мәлесен, олар 4 айда азаматтардан 15 миллион теңге өндіріп алған. Ал, қарапайым халық 4 млн теңге үнемдеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Елімізде биыл тамыз айынан бастап, Әділет министрлігі әзірлеген "робот – сот орындаушы" жобасы іске қосылып, оңайлатылған іс жүргізу басталғаны белгілі.
Бұл жоба азаматтарға айыппұл сомасының 3%-дан 25%-ға дейінгі мөлшердегі жеке сот орындаушысының қызметі үшін қосымша ақысыз айыппұлдарды төлеуге мүмкіндік береді.
"Робот сот орындаушы қалай жұмыс істейтінін былай түсіндірейін. Уәкілетті орган ақпараттық жүйені интеграциялау арқылы әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулыны атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жібереді. Бұдан әрі аумақтық Әділет органы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасында оңайлатылған өндірісті автоматты түрде қозғайды. Оңайлатылған өндіріс басталғаннан кейін азаматтар 1414-тен SMS хабарлама алады және EGovMobile-да оңайлатылған өндірісті қозғау туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен push-хабарлама алады", – дейді Жетісу облыстық Әділет департаментінің басшысы Ержан Еркенов.
Робот сот орындаушының орындауындағы іс жүргізу 30 күн ішінде жүзеге асады.
Ол аяқталғаннан кейін атқарушылық іс жүргізу орындалмаған жағдайда жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп орындауға беріледі.
Онда борышкерлер жеке сот орындаушысының қызметіне қосымша ақы төлеуі тиіс.