Жетісу облысында теміржол арқылы дәрі-дәрмектер заңсыз тасымалданбақ болған

181

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.

Жетісу облысында теміржол арқылы дәрі-дәрмектер заңсыз тасымалданбақ болған Фото: ҰҚК

2024 жылғы 16 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысының "Алтынкөл" теміржол өткізу пунктінде дәрі-дәрмектердің ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығу тегі белгісіз 80 000 ампула мөлшеріндегі ілеспе құжаттары жоқ дәрілік заттар теміржол контейнерінен табылды.

Жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық экономикалық тергеу департаментіне берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу