Жетісу облысында туристерді көлігімен бірге су ағысы алып кеткен

238

Құтқарушылар дер кезінде туристерді аман алып қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жетісу облысында туристерді көлігімен бірге су ағысы алып кеткен Фото: ҚР ТЖМ

Ескелді ауданындағы Қора шатқалында Текелі қаласынан 28 шақырым жерде ТЖМ құтқарушылары екі ер адамды құтқарды. Олар жол талғамайтын көлікпен өзеннен өтпекші болғанда қатты су ағысы алып кеткен.

"Құтқарылғандардың барлығы Текелі қаласына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз!", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу