Жетісу облысында заңсыз алтын өндірушілер ұсталды

491

Оқиға Ақсу ауданында тіркелген.

Жетісу облысында заңсыз алтын өндірушілер ұсталды

Жетісу тауларында алтын кенін өндірумен айналысқан "қара іздеушілер" ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

1 қазан күні Баласаз ауылының маңындағы таулы жерлерде жергілікті полицейлер "қара іздеушілер" бригадасын ұстаған. Бригада Жамбыл облысы мен Алматы қаласынан барған алты ер адамнан құралған. Олар алтын кенін өндірумен айналысқан деген күдікке ілінді. Ұсталғандар өз қызметіне қатысты ешбір рұқсат құжаттарын ұсына алмады. 

Тәртіп сақшылары күдіктілерден автокөліктерді (жүк көлігі HOWO, экскаватор, УАЗ), сонымен қатар бұрғылар, электр генераторы, перфоратор, арнайы шыңдар, дайындалған қаптар, киіз үй мен шатыр тәркіледі. 

"Қазылған қазбалар (әртүрлі тастар мен құмдар) жүк көлігіне тиелген. Қазіргі кезде дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды және қылмыстық тергеу қозғалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 334-бабының 1-бөлігі (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша жүргізіледі", – деді Жетісу облысы ПД Табиғатты қорғау басқармасының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу