Жетісу облысында заңсыз аңшылықпен айналысып, қару ұстаған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

498

Жетісу облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматтан қару тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  

Жетісу облысында заңсыз аңшылықпен айналысып, қару ұстаған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды Фото: polisia.kz

Ресми мәліметке сүйенсек, Алакөл ауданындағы Қабанбай ауылының маңында "Охозоопром" қызметкерлері заңсыз аңшылықпен айналысқан ер адамды ұстады. 51 жастағы ер адамның көлігінен екі атыс қаруы, сонымен қатар 12 атылған үйрек ұшасы табылды, мылтықтың біреуі заңсыз болып шықты.

"Заңсыз аң аулағаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал тәркіленген оптикалық көздеуішімен ұсақ калибрлі мылтық үшін оған ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды заңсыз сақтау) бойынша қылмыстық жауапкершілік жүктеледі. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды", – деді табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу