Жетісу облысында заңсыз ет тасымалдау деректері анықталды

417

Өңірде "Мал ұрлығы" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.  

Жетісу облысында заңсыз ет тасымалдау деректері анықталды Фото: polisia.kz

Жетісу облысында полицейлер заңсыз ет тасымалдау фактілерін анықтау бойынша тексеріс бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шараның мақсаты – мал ұрлығына байланысты қылмыстардың алдын алу, оларды ашу және ет пен ет өнімдерін тасымалдау мен сату кезінде құқық бұзушылықтарды анықтау.

Бар болғаны 2 күннің ішінде полицейлер мал ұрлығына қатысты екі қылмыстық істі тіркеп, бұған дейін ашылмаған төрт қылмысты әшкереледі. Бұл нәтижелер іс-шараның тиімділігін көрсетіп, тәртіп сақшыларының ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының мүддесін қорғауға жауапкершілікпен қарайтынын дәлелдейді.

Профилактикалық іс-шара аясында ет және ет өнімдері сатылатын 69 нысан мен ет тасымалдаған 83 көлік тексерілді.

Соның нәтижесінде тиісті құжаттарсыз өнім тасымалдаудың 5 дерегі және ветеринариялық ережелерді бұзған 43 жағдай тіркелді.

Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері 138 шаруа қожалығын тексерді. Солардың бірі – Мақаншы – Алматы бағытындағы тасжолда тоқтатылған жолаушылар автобусы. Көлік Абай облысынан шыққан. Тексеру кезінде жүк бөлімінен 100 ұсақ және 2 ірі қара малдың еті табылды. Жүргізуші етті Алматы қаласындағы базарлардың біріне жеткізуге алғанын айтқан.

Аталған дерек бойынша материал ветеринариялық инспекцияға жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу