Жетісуда субсидияға бөлінген 300 млн теңгенің бір бөлігі құмар ойынға жұмсалған

98

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамаққа алу түрі қолданылды. 

Жетісуда субсидияға бөлінген 300 млн теңгенің бір бөлігі құмар ойынға жұмсалған Фото: freepik

ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті субсидия жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдікті, ЖШС-нің басшысы бола отырып, екі жыл бойы жалған құжаттарды пайдаланып, мемлекет тарапынан сүт өнімдерін қайта өңдеуге бөлінген субсидияларды заңсыз түрде "Ауыл шаруашылығы басқармасынан" ММ алып отырған.

Келтірілген жалпы залал 300 млн теңгеден асты.

Шығындарды растау үшін басқармаға жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алу жөніндегі өзара есеп айырысулар туралы жалған құжаттар мен май өндіру бойынша жалған мәліметтер ұсынылған.

Сонымен қатар заңсыз алынған 110 млн теңге мөлшеріндегі субсидия күдікті тарапынан құмар ойындарға жұмсалған.

Сот санкциясымен құны 300 млн астам теңге болатын зауытқа тыйым салынды.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу