Жетісу облысында зейнеткер ер адам ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды

559

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Жетісу облысында зейнеткер ер адам ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды Фото: Tengrinews.kz

Бұл факт Кербұлақ ауданында тіркелді, 28 қыркүйекте алыстағы шаруа қожалығының аумағында зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар жас жігіттің мәйіті табылды. Полицейлер оны өлтірді деген күдікпен 63 жастағы ер адамды ұстады.

"Ұсталған азамат жәбірленушінің туған әкесі болып келеді. Алдын ала мәлімет бойынша, дастархан үстінде алкогольдік ішімдік ішудің аяғы жанжалға ұласып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталған", - деп хабарлады Кербұлақ аудандық полициясы.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу