Жетісу облысында жанып жатқан үйден 3 бала құтқарылды

553

Өрттің алдын ала себебі – қатты отынмен жанатын пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.  

Жетісу облысында жанып жатқан үйден 3 бала құтқарылды Фото: Видеодан скриншот

Жетісу облысы Панфилов ауданына қарасты Үлкен Шыған ауылында жер үй өртенді. Өртті байқаған ер адам 3 баланы құтқарды, деп жазады inbusiness.kz облыстық Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, үй 7 желтоқсан күні сағат 21:40-та өртенген.

"Қызыл жалын ТЖД қызметкерлерінің күшімен сағат 22:22-де ауыздықталды. 50 шаршы метр жерді өрт шарпыды. Өртті байқаған ер адам құтқарушыларға хабар беріп, өрт сөндірушілер келгенге дейін 2010, 2014 және 2018 жылдары туған үш баланы шығарып, ұйықтап жатқан ата-анасын эвакуациялауға көмектесті. Сонымен қатар екі газ баллонды үйден шығарып, өртті өз бетімен сөндіруге кірісті. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады департамент.

Балалар мен олардың ата-анасына көмек қолын созған батырдың Жаркент қаласы 11-ӨСБ өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау кіші сержанты Еркебұлан Айтбаев екені белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу