Жетісу облысында жер сілкінді

71

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Жаркент маңында орналасқан.

Жетісу облысында жер сілкінді Фото: pixabay

Сейсмологтар Жетісу облысында 31 наурызға қараған түні магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 31 наурыз күні Астана уақытымен сағат 00:42-де болған. Жерасты дүмпулерінің ошағы Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы 4,4-ті құрады. Қазақстан аумағында сезілуі туралы мәлімет тіркелмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу