2025 жылғы 27 мамыр күні сағат 19:51-де Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сейсмологтардың мәліметінше, зілзаланың ошағы Қазақстан шекарасында, нақтырақ айтқанда, Жетісу облысы аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің сезілу күші Капал-Арасан елді мекенінде 2 баллды құрады.
ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат жоқ.
Сондай-ақ ведомство жер сілкінісі кезінде әрекет етуге көмектесетін 10 маңызды кеңесті еске салды:
- Үрейге берілмеңіз;
- Лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз;
- Терезе мен ауыр жиһаздардан алыста тұрыңыз;
- Жоғарғы қабатта болсаңыз – іргелі қабырғалардың бұрышына жасырыныңыз;
- Төменгі қабатта болсаңыз – қауіпсіздік аяқталған соң сыртқа шығыңыз;
- Үйден шығарда су, газ және электр көздерін сөндіріңіз;
- Алдын ала дайындалған дабыл сөмкесін алыңыз;
- Электр сымдарынан, биік ғимараттар мен ағаштардан аулақ болыңыз;
- Болашақта жер сілкінісіне дайын болыңыз;
- Қарттар мен балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесіңіз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу