Жетісу облысында жоғалып кеткен 14 жасар оқушы қыздың денесі табылды

Қыз баланың жоғалып кетуіне қатысы бар деген күдікпен оның анасы мен өгей әкесі ұсталды. 

Жетісу облысында жоғалып кеткен 14 жасар оқушы қыздың денесі табылды  Фото: pixabay.com

Айта кету керек, Жетісу облысының полицейлері, әскерилер мен еріктілер оқушы қызды 28 желтоқсаннан бері іздестірді. Сондай-ақ, бұл күні Талдықорған полициясына 14 жастағы қыздың қараша айының басынан бері мектепке бармағаны туралы ақпарат келіп түскен. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Жетісу облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, іздестіру топтары Текелі қаласының сыртындағы таулы аймақта жоғалған жасөспірімнің денесі бар жерлеу орнын тапты. Қазіргі уақытта, полиция қызметкерлері оқиға орнында тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Сонымен қатар, жедел-іздестіру іс-шараларын бастағаннан кейін полиция жасөспірімнің қылмыстың құрбаны болуы мүмкін деген нұсқаны ұсынды. Оның ішінде, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабында көзделген “Адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейінірек, "Қыз бала жоғалып кетуіне қатысы бар" деген күдікпен полиция қазір қамауда отырған оның анасы мен өгей әкесін ұстады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу