"Volkswagen Passat" маркілі көлігін басқарып келе жатқан 41 жастағы азамат ұйықтап кетіп, жол бойындағы қоршауға соғылған.
Соның салдарынан жүргізуші мен оның 39 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Тағы үш жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді.
"Жол-көлік оқиғасы, болжам бойынша, жүргізушінің шаршап, көлік тізгіненде қалғып кетуіне байланысты болған. Құрметті жүргізушілер, жол ережесін сақтаңыздар, жылдамдықты шектен асырмаңыздар. Егер Сіз ұзақ сапарға шықсаңыз, сапар алдында жақсылап демалыңыз. Көлікті жүргізу кезінде басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығы Сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз", - делінген хабарламада.