26 қараша күні кешке Көксу ауданында "Volvo" жүк көлігі мен төрт автокөлік - "Лексус 570", "Ниссан Цефиро", "Тойота Камри" және "Фольксваген Пассат" Алматы-Өскемен тас жолының 187 шақырымында ақырын төмен түсу кезінде соқтығысқан.
Оқиға орнында 4 адам қаза тапты. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.
Белгілі болғандай, кейін дәрігерлер жол-көлік оқиғасы орнынан Сарыөзек ауылындағы ауруханаға жеткізілмек болған 7 жасар баланың көз жұмғанын хабарлады.
"Бүгінгі таңда 6 адам аудандық ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде бес адам жансақтау бөлімінде жатыр. 3 пациент амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді", - деп хабарлады облыстық ДСБ баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.
Бұл дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.