Жетісу облысында жол апатында ер адам қаза тапты

555

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Жетісу облысында жол апатында ер адам қаза тапты Фото: polisia.kz

Жол-көлік оқиғасы 5 қазанға қараған түні Көксу ауданында болған. Алматы - Өскемен тас жолында Mazda көлігін тізгіндеген 45 жастағы әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Оқиға орнында 53 жастағы ер адам қайтыс болды.

"Қазір көлік арнайы автотұраққа қойылды. Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", – делінген ІІМ таратқан мәліметте. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу