Жетісу облысында жол салу кезінде қызметін асыра пайдаланған шенеунік ұсталды

329

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жетісу облысында жол салу кезінде қызметін асыра пайдаланған шенеунік ұсталды Фото: baq.kz

Жетісу облысы Кербұлақ ауданында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен "Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ басшысының бұрынғы орынбасары ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Ол Кербұлақ ауданы Малайсары ауылының кіреберіс автожолында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өзінің қызметтік жағдайын теріс пайдаланды деген күдікке ілінді.

Мемлекетке 37 млн. теңгеден астам сомаға елеулі материалдық залал келтірілді. 

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану)  сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды. 

Тергеу жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу