Жетісу облысында жол жабылды

139

Жол күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды.

Жетісу облысында жол жабылды Фото: gov.kz

2025 жылғы 25 ақпан сағат 13:00-де Көнбе өзені арқылы өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты "Сарыөзек - Көктал" автожолының 141-142 шақырым аралығында (Көнбе көпірі) автокөліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жолды 2025 жылғы 26 ақпан сағат 14:00-де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, қазір республикалық жолдарда күтіп-ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 865 арнайы техника мен 2178 маман жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу