Жетісу облысында жұбайын ауыр жарақаттаған азамат ұсталды

509

Ерлі-зайыптылардың арасында алкогольдік ішімдік ішу кезінде жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.

Жетісу облысында жұбайын ауыр жарақаттаған азамат ұсталды Фото: aikyn.kz

Аталған дерек Кербұлақ ауданында тіркелді. 4 сәуірге қараған түні Шаған ауылынан 54 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер науқаста көптеген жарақат пен дене сынықтарын анықтап, диагноз қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, әйел азаматтық некедегі жұбайының қолынан зардап шеккен, оны тәртіп сақшылары түсініктеме беру үшін аудандық полицияға жеткізді. Ерлі-зайыптылардың арасында алкогольдік ішімдік ішу кезінде жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласып кеткені анықталды. 

– Ұсталған ер адамның айғақтарына сәйкес жәбірленушіге балтамен зақым келтірілген, ол оқиға орнында табылды және іс материалдарына тіркелді. Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша жүргізіледі, – деді Кербұлақ аудандық полициясының бастығы Ербол Ахметқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу