Жетісу облысында жүк көлігі мен жолаушылар пойызы соқтығысты

455

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жетісу облысында жүк көлігі мен жолаушылар пойызы соқтығысты Фото: google.com

24 шілде күні сағат 10.50-де Бескөл-Достық учаскесіндегі теміржол өткелінде "КамАЗ" автокөлігінің жүргізушісі қала маңы пойызымен соқтығысты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға тексеріліп жатыр", деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

ҚТЖ жүргізушілерді жоғары қырағылыққа және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу