Жетісу облысында жүкті әйелдің өліміне байланысты арнайы комиссия құрылды

106

Тексеру жұмыстары басталды.

Жетісу облысында жүкті әйелдің өліміне байланысты арнайы комиссия құрылды Фото: Pixabay.com

Облыстық перинаталдық орталықтың директоры Назгүл Иманғалиеваның айтуына қарағанда, тексеруді Жетісу облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитеті тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Науқастың өліміне байланысты арнайы комиссия құрылып, Жетісу облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитеті тексеруді бастады. Қазіргі уақытта барлық материал құқық қорғау органдарына берілді, сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Кешенді тексеру мен сот-медициналық сараптама аяқталған соң көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен дер кезінде көрсетілуіне баға беріліп, тиісті шешімдер қабылданбақ. Сараптама мен тексерудің барлық нәтижесі марқұмның туыстарына ұсынылады, – деді Назгүл Иманғалиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу