"Құлақ-шекеден ұрды": Жолаушы мен жүргізуші арасындағы дау қайғылы аяқталды

1817

Қайғылы оқиға 29 қазан күні Жетісу облысының Алакөл ауданында болған.

"Құлақ-шекеден ұрды": Жолаушы мен жүргізуші арасындағы дау қайғылы аяқталды Фото: Бейнежазбадан

Келіспеушіліктен туған келеңсіздіктің соңы қол жұмсауға ұласып, ауыр соққы алған адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиғаның бейне жазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Жүргінші мен жүргізуші арасында дау туып, бір-біріне қол жұмсауға дейін барған. Нәтижесінде құлақ-шекеден соққы алған жолаушы құлап түседі. Ал көлік иесі оны машинасына салып, ауруханаға алып кеткен. Келесі күні 40 жастағы азаматтың аудандық аурухана төсегінен тұрмай, жантәсілім еткені белгілі болды.

Қазір жергілікті полиция күдіктіні ұстап, қамауға алған. Оған Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3- бөлігі бойынша айып тағылды. Қылмыс дәлелденсе, айыпталушыны 8-12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу