Жетісу облысында жүздеген қызметкердің құқығы тапталған

153

Жұмысшылар жыл сайынғы медициналық тексерістен өтпеген.  

Жетісу облысында жүздеген қызметкердің құқығы тапталған Фото: c-med.mcfr.kz

Прокуратура "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында Жетісу өңірінде азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау бойынша кең ауқымды тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде жүздеген қызметкердің құқығы қалпына келтірілді, деп жазды inbusiness.kz сайты.

Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне скринингтік тексеруден өту үшін әлеуметтік демалыс беруге міндетті. Алайда Қаратал ауданындағы медициналық ұйымдармен салыстыру нәтижесінде, соңғы екі жылда 90-нан астам қызметкердің мұндай тексеруден өтпегені анықталды.

Бұл жұмыс берушінің заң талабын орындамағанын көрсетті. Сонымен қатар, жұмыс беруші қызметкерді еңбек барысында жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыруы тиіс.

Алайда тексеріс барысында 70 қызметкердің сақтандыру шарты жоқ болып шыққан.

Қаратал аудандық прокуратурасы қадағалау актісін енгізіп, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қалпына келтірді.

Заңбұзушылыққа жол берген үш жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік органдар еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын алдағы уақытта да күшейтуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу