Жетісу облысының ауылдарына газ құбыры тартылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kz-ке сілтеме жасап.
Биыл Көксу ауданындағы он екі ауылға табиғи газ беріледі. Бұл мақсатқа 3 миллиардтан астам теңге қарастырылып отыр.
Табиғи газ құбыры Талапты ауылының дәл іргесіне дейін тартылды. Биыл аудандағы осындай он екі елдімекенге көгілдір отын жеткізіледі.
Төселетін құбырдың ұзындығы 200 шақырымнан асады. Оның бір бөлігі егістік арқылы өтеді. Шаруаларға кедергі келтірмеу үшін мердігер жұмысты қыста жүргізіп жатыр.
Бүгінгі күнге дейін 30-дан аса ауыл көгілдір отынға қосылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу