Жетісу облысындағы 13 елді мекенде су басу қаупі бар

490

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды деп жазады inbusiness.kz. 

Жетісу облысындағы 13 елді мекенде су басу қаупі бар Фото: inform.kz

Ақпарат алаңына есеп беруге келген облыстық ТЖД бастығының орынбасары Игорь Жуков Кербұлақ ауданына қарасты Қызылжар ауылында су жүріп өткенін айтты.  Еріген қардың нөпірі қатты болып, арық көшкінге дес бере алмаған. Аулаларды басқан судың салдарымен күреске 6 бірлік техника, 20 қызметкер жұмылдырылған. Абырой болғанда тұрғын үйлерге қауіп төнбеді – дейді ведомство өкілі.

"Қазір қолымызда әр ауданның жауын-шашын мөлшері бойынша қазгидромет есебі бар. Қаратал және Панфилов аудандарына қар қалың түскен. Кейбір елді мекендердің маңына қалыңдығы 1 метрге жететін қар жауған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 60-70 %-ке көп" - деді ол брифингте.

Қазгидромет облыс тұрғындарына дауылды ескерту жіберген. Болжамға сүйенсек, 6 – 8 наурыз аралығында Жетісу аймағында қар аралас жаңбыр және тұман болады – делінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу