Ақсу ауданындағы Қапал мен Көшкентал ауылдарын жалғайтын қара жол қарашаның қара суығында салынып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ал, жолға жауапты басшылар жөндеу жұмыстары тұрақты бақылауда деп отыр.
"Асфальт жабындысын салу барысында ауа температурасы 5 градустан төмен болған жоқ және асфальт жабындысының температурасы 120 градустан төмен болған жоқ. Аталған жөндеу жұмыстары тұрақты бақылауда. Жұмыс барысында техникалық қадағалау ұйымы қадағалау жұмыстарын жүргізуде. Облыстағы барлық мердігер мекемелерге қазан айының соңында тиісті нұсқама берілді, күз кезінде асфальт жабындысын төсеу кезінде технологияларды сақтау, температуралық режимдерді бақылауға алу мәселесі бойынша тиісті хаттамалар жолданды" – деді Жетісу облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Айдос Досжанов.