Жетісу облысындағы мектептерде есірткі қылмысы үшін сотталғандар жұмыс істеген

189

25 мектеп мерзімі өтіп кеткен санитариялық қорытындылармен жұмыс істеген. 

Жетісу облысындағы мектептерде есірткі қылмысы үшін сотталғандар жұмыс істеген Фото: canva.com

Жетісу облысында прокурорлар білім беру мекемелерінде 300-ден аса санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сарқан ауданы мен Талдықорған қаласындағы екі мектептің аумақтары толығымен қоршалмаған, бұл олардың аумағына бөгде адамдардың оңай кіріп кетуіне мүмкіндік береді.

"60 мектепте бейнебақылау камераларының көпшілігі жұмыс істемейді, оның 170-і ғана полицияның орталық жедел бөлімдеріне қосылған. 25 мектеп мерзімі өтіп кеткен санитариялық қорытындылармен жұмыс істеген.

Кейбір жағдайларда мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмек пен азық-түлікті сақтау деректері тіркелген", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

17 мектепте оқушылардың тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізу жағдайлары анықталды.

Мектептерде бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған үш күзетші жұмыс істеген.

Мәселен, олардың бірі аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сонымен қатар, Кербұлақ ауданы білім бөлімінің есепшілерінің бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу басталды.

Заңбұзушылықтарды жою бойынша 40 қадағалау актісі енгізілді, 135 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 41-і тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу