Жетісу облысының Панфилов ауданында 6 жасар бала аттан құлап мерт болды

698

Бала шауып бара жатқан аттың үстінен құлаған.

Жетісу облысының Панфилов ауданында 6 жасар бала аттан құлап мерт болды

Бала әкесімен қыстаққа барған. Сол жерде атқа отырып жүргісі келген, деп жазады inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Ат асау болғаннан кейін, адамға бағынбаған. Шауып бара жатқан аттың үстінен құлаған баланың аяғы жылқының үзеңгісіне қысылып қалған.

"Оқиға 11 қазан күні Жерұйық ауылында болған. Жаркент қаласындағы ауруханаға баланы ауыр халде жеткізген. Өміріне араша түскен дәрігерлердің көмегіне қарамастан ол бірнеше сағаттан кейін көз жұмды. Ата-аналардан балаларына үлкен жауапкершілікпен қарауды сұраймыз. Себебі бала өзіне төніп тұрған қауіпті түсінбейді. Арты қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін", – делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу