Жетісу облысының Панфилов ауданында зорланып, өлтірілген оқушыға қатысты әкімдік пікір білдірді

771

Жетісу облысының Панфилов ауданында зорланып, өлтірілген оқушыға қатысты әкімдік пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Жетісу облысының Панфилов ауданында зорланып, өлтірілген оқушыға қатысты әкімдік пікір білдірді

"Бүгінгі күні қылмысқа қатысы бар, бұрын сотталған 38 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оның үстінен кәмелет жасына толмаған қыз баланы зорлау және өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция тарапынан тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмысын мойындаған күдіктіге заң аясында қатаң жаза қолданылатын болады.

Жекелеген әлеуметтік желілерде қыз баланы ұлты басқа бірнеше азамат зорлап өлтірген деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бұл жерде ұлтаралық мәселенің де еш қатысы жоқ. Қазір Панфилов ауданында жағдай тұрақты. Облыс әкімшілігінің, құқық қорғау органдарының бақылауында", - деді Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы - баспасөз хатшысы міндетін атқарушы Думан Алтынбекұлы.

Естеріңізге сала кетейік, Панфилов ауданының Шолақай ауылында 15 жастағы оқушы қызды 38 жастағы ер адам зорлап, өлтіріп, өртеп жіберді деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу