Transfermarkt порталының хабарлауынша, қазақстандық футболшы Елжас Алтынбеков Польша елінің "Корона" клубына ауысады, деп жазады Prosports.kz.
Алтынбеков қазіргі таңда "Жетісу" жейдесінде өнер көрсетеді. Өткен маусымда ол 27 матч өткізіп, 5 гол соқты. Transfermarkt футболшыны 400 мың еуроға бағалап отыр.
26 жастағы шабуылшы "Қайсар" командасында да доп тепкен.
Айта кетейік, "Корона" Польшаның жоғары дивизионында бақ сынайтын команда. Бұл клуб сапында бұған дейін қазақстандық қос ойыншы – Сергей Хижниченко мен Абзал Бейсебеков өнер көрсеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу