Жетісу өңірінде 15 мың адам сусыз қалды

351

Сарыөзек ауылының 15 мыңнан астам тұрғыны 20 миллион теңгеден астам қарыздың кесірінен ауыз сусыз қалды. 

Жетісу өңірінде 15 мың адам сусыз қалды Фото: Zakon.kz

Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылының басты мәселесі – ауыз судың жиі үзілуі. Тұрақты апаттардың салдарынан ауыл тұрғындары жазда да, қыста да апталап сусыз қалады. Күз келгелі ауылда жаңа мәселе туындады.

20 миллион теңге қарыздың кесірінен жергілікті билік бүкіл ауылға ауыз су беруді белгісіз мерзімге тоқтатқан.

"Сорғы станцияларына энергия беру тоқтатылды. Оған "Күреңбел су ПВХ" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының "Жетісу Энерготрейд" ЖШС алдындағы қарызы себеп болды. Бүгінгі күні берешегі 20 млн теңгеден асады. Сарыөзек кентінде тұрғындармен әңгіме жүргізіліп, нәтижесінде 132 мың теңге өндірілді. Бүгінгі таңда ауылдағы жеке тұлғалардың қарызы 10 миллион теңгеден астам, ал шаруашылық субъектілерінің қарызы 10 миллионнан астам теңгені құрап отыр", - деп хабарлады Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдік ауыл тұрғындарын қызмет көрсету мекемелеріне қарыздарын тез арада өтеуді сұрайды. Сарыөзек ауылында су қашан қалпына келтірілетінін жергілікті билік әзірге нақтылаған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу