Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Бейбіт Исабаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Барлығы 340 мектеп, 130,3 мың оқушы бар. 37 мектеп – бейімделген мектептер. Соның проблемасы ғана бар. Алдағы 4-5 жылдың ішінде оны шешеміз деп ойлаймын", – деп нақтылады өңір әкімі.
Бейбіт Исабаевтың айтуынша, 2026 жылға дейін облыста 21 жаңа мектеп салынады.
"Оның жетеуі "Жайлы мектеп" жобасы шеңберінде тұрғызылады", – деді спикер.
Облыста барлығы 361 медициналық мекеме бар. Қазір 8 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның екеуі – биыл, тағы алтауы келесі жылы тапсырылады. Ал Талдықорған қаласында демеушілік қолдаумен онкологиялық орталық бой көтереді.
"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін 59 нысан салу жоспарлануда.
"Екі жылда облыстағы ескірген жөндеуді қажет ететін 112 медмекеменің орнын жаңартып, жаңасын салатын боламыз", – деді Жетісу облысының әкімі.
Бүгінгі күні мәдениет және спорт салаларында 18 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның 8-і биыл, 10-ы келесі жылы қолданысқа беріледі.