Жетісу полицейлері 20 жыл бойы іздеген әпкесі мен бауырды қауыштырды

185

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Жетісу полицейлері 20 жыл бойы іздеген әпкесі мен бауырды қауыштырды Фото: polisia.kz

Жетісу облысы, Үштөбе қаласында полицейлер тек құқықтық тәртіпті қадағалап қана қоймай, адамдарға қиын сәтте қолдау көрсетуге дайын екенін тағы бір дәлелдеді, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

ШҚО-ның Тарбағатай ауданынан келген тұрғын 20 жыл бұрын жоғалған әпкесін табу үмітін үзбеген. Осы мақсатпен ол Үштөбеге барған.

Көшеде учаскелік инспекторлар Айбек Қази мен Талғат Есқожановпен кездесіп, жағдайын айтқан соң, тәртіп сақшылары бірден іске кірісіп, іздестіру жұмыстарын бастады.

Жүйелі әрекеттің нәтижесінде бауырлар табысып, көп жылдан бергі сағыныштың орны толды. Әйел полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу