Жетісу полициясының басшысы мен оның орынбасарлары зорлау жанжалынан кейін қайда кетті?

940

Осы жағдайға қатысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. 

Жетісу полициясының басшысы мен оның орынбасарлары зорлау жанжалынан кейін қайда кетті? Фото: polisia.kz

Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметінен босатылған бұрынғы басшысы Атығай Арыстанов кадрлық резервке алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің тілшілердің сауалына берген жауабында көрсетілген.

"Жетісу облыстық Полиция департаменті бастығы мен оның екі орынбасары тәртіптік негізде қызметінен босатылып, Жетісу облысы Полиция департаменті қарамағында тіркеліп тұр", - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл ретте Ішкі істер министрлігі "Құқық қорғау қызметі туралы" заңға (56-бап) сәйкес қызметтен босату "тәртіптік жаза" болып табылатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, Талдықорған полициясының басшысы 27 жастағы қызды зорлады деп айыпталғаннан кейін Ішкі істер министрі Жетісу облыстық Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановты қызметінен босатты. Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігі ("Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған адам зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, Арыстановтың бірінші орынбасары Жасұлан Байкеновке қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескертілді. Облыстық кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Талант Жұмабеков пен басшының тергеу жөніндегі орынбасары Мақсат Ережепов те қызметтерінен айырылды.

Жетісу облысы бойынша Полиция департаменті бастығының міндетін бұған дейін Ішкі істер министрлігінің ішкі қауіпсіздік басқармасын басқарған полиция генерал-майоры Арман Саданов атқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу