Жетісу тауларында жарақат алған жасөспірім таудан түсе алмай қалды

235

Құтқарушылар жедел жетіп, зардап шеккен жасөспірімге алғашқы көмек көрсетті.  

Жетісу тауларында жарақат алған жасөспірім таудан түсе алмай қалды Фото: бейнежазбадан

Жетісу облысының Көксу ауданында таулы аумақта жасөспірім аяғын жарақаттап алып, өздігінен төмен түсе алмай қалған оқиға тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

 Оқиға Мәмбет ауылы маңындағы таулы жерде болған.

Жасөспіріммен бірге болған әкесі дереу құтқару қызметіне хабар берген.

Оқиға орнына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жедел құтқару жасағының мамандары жетіп, зардап шеккен жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Құтқарушылар оны қауіпсіз жерге эвакуациялап, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Құтқару жұмыстары сәтті аяқталды.

ТЖМ өкілдері таулы аймақтарға шыққанда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, бағытты алдын ала жоспарлауға және күрделі жер бедерінде барынша сақ болуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу