Жетісуда 11 инвесторға 10 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

229

Прокуратура "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА-дағы заңбұзушылықтарды анықтап, инвесторлардың құқықтарын қалпына келтірді.  

Жетісуда 11 инвесторға 10 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды Фото: amiel.club

Жетісу облысының прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысы барысында Қорғас – Шығыс қақпасы арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясы мен инвесторлар арасындағы шарттарда заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Талдау нәтижесінде аумақты және ортақ пайдаланылатын нысандарды басқару, қызмет көрсету және күтіп-ұстау жөніндегі шарттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Атап айтқанда, шарттарда Азаматтық кодекс нормаларына қайшы келетін талаптар мен комиссиялық төлемдерді есептеу тәртібіндегі бұзушылықтар анықталған.

Соның салдарынан 11 инвестор заңда көзделген жеңілдіктерді пайдалана алмай, 10 млн теңгеден астам қаражатты артық төлеген.

Аталған фактілер бойынша прокуратура басқарушы компанияның атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыным енгізді. Нәтижесінде қайта есептеу жүргізіліп, инвесторларға артық төленген қаражат қайтарылды.

Прокуратура инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және бизнес құқықтарын қорғау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді. Ал инвестициялық саладағы заң бұзушылықтар жедел түрде тоқтатылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу