Жетісуда 15 жасар қызды өлтіріп, денесін өртеп жіберді деген күдікті ұсталды

3909

Жетісу облысы Панфилов ауданына қарасты Шолақай ауылында 38 жастағы жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызды зорлап, өлтіріп кеткен.   

Жетісуда 15 жасар қызды өлтіріп, денесін өртеп жіберді деген күдікті ұсталды

Қылмысын жасыру мақсатында 15 жасар қыздың денесін өртеп жіберген, деп жазады inbusiness.kz time.kz-ке сілтеме жасап.

Оқушы қыз 21 шілде күні кешке жоғалып кеткен. Ақпаратта көрсетілгендей, құрбысына кетіп, үйіне оралмаған.

Жоғалған қызды іздеуге Жетісу облысының полицейлері келесі күні кірісіп, оларға ауыл тұрғындары да көмекке келген.

Жедел уәкілдер күдіктіні анықтады. 38 жастағы күдіктінің осыған дейін 2 рет сотталғаны белгілі болды. Ол "қызды зорлағанын, қылмыс іздерін жасыру үшін оны бірнеше рет пышақтағанын, өлтірген соң денесін өртеп жібергенін" айтқан.

"Күдікті көмген жерді көрсеткен. Жәбірленушіні ауыл маңына көмген. Қыздың денесі сот-медицина сараптамасына жіберілді", - делінген хабарламада. 

Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 3-тармағы (Айыптының дәрменсіз күйдегі адамды өлтіруі), 10-тармағы (Өзге қылмысты жасыру мақсатында) және 14-тармағы (Кәмелетке толмағанды өлтіру) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Олар бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған. Ал ҚР Қылмыстық Кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды зорлау) 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу