Жетісуда бір уақытта 336 баланың тұсауы кесіліп, рекордтар кітабына енді

403

Наурызнама онкүндігі аясында Жетісу облысында бір мезетте 336 баланың тұсауы кесілді.  

Жетісуда бір уақытта 336 баланың тұсауы кесіліп, рекордтар кітабына енді Фото: Жеңіс Ысқабай

50-ден астам бүлдіршін Талдықорған қаласында тәй-тәй басса, қалғандарының тұсаукесер рәсімі аудан, қалаларда өтіп, бейнеконференция арқылы байланысқа шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақстандық есепке алу комиссиясына сілтеме жасап.

Қазақстан рекордтар кітабының өкілдері бұл көрсеткішті ресми тіркеп, қазақтың салт-дәстүр әдет ғұрыптарының ішінде тұсау кесу рәсімінде еліміз бойынша Жетісу облысы жаңа рекорд орнатқанын растады.

"Елімізде және Жетісу өңірінде алғаш рет бір мезгілде 336 баланың тұсау кесер рәсімі өткізіліп, бұл дерек Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді", – деп атап өтті Қазақстандық есепке алу комиссиясының мүшесі Бақытжан Тастүлеков.

Ал ата-аналар өз бүлдіршіндерінің тұсауын өңір басшыларына, зиялы қауым өкілдеріне, атақты спортшы, өнерпаздарға, ұстаздар мен дәрігерлерге кестірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу