Жетісуда алимент төлемегендерге қатаң шара қолдануда

157

Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жетісуда алимент төлемегендерге қатаң шара қолдануда Фото: Диапазон

Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартуды талап етуде.

Жетісу облысының прокуратурасымен "Заң және Тәртіп" идеологиясын бекіту аясында алимент бойынша борышкерлерді қылмыстық қудалауға дейін белсенді жұмыс жүргізілуде.

Тексеру барысында Панфилов ауданының 3 борышкеры 5 жылдан астам уақыт бойы өз міндеттемелерін орындаудан әдейі жалтарып, жалпы қарызы 19 миллион теңгеге жеткені белгілі болды.

Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, бұл шаралар тиімді нәтиже бермеген.

Сондықтан прокурорлар ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) қатаң шаралар қабылдап, қылмыстық жауапкершілікке тарта бастады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында 19 миллион теңге көлеміндегі берешек толығымен өтелді, содан кейін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істер тоқтатылды.

2024 жылы 3 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 50 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 40-ы әкімшілік қамауға алынды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жалпы алименттік қарыздың 103 миллион теңгеден астам сомасынан 72 миллион теңгеден астам өндірілді.         

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу