Жетісуда аурухананың бас дәрігеріне 4 млн теңгеден аса айыппұл салынды

61

Жетісу облысының денсаулық сақтау мекемелерінде тиісті сертификаттарсыз және лицензиясыз қызметтер көрсетілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жетісуда аурухананың бас дәрігеріне 4 млн теңгеден аса айыппұл салынды Фото: canva

Қаратал ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемелеріне тексеру жүргізді. Тексеру барысында медицина саласындағы заң талаптарының сақталуы қаралды. Нәтижесінде тиісті сертификаты мен медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы жоқ мамандардың халыққа қызмет көрсеткені анықталды.

– Аудандық прокуратураның қадағалау актілері бойынша, ӘҚБтК-нің 424-баптың 1-бөлігі, 426-баптың 1-бөлігі және 464-баптың 1-бөлігі бойынша 20 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде 3 басшыға — орталық аудандық аурухананың бас дәрігері және оның орынбасарларына 4 049 960 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар тексеру аясында 4 жауапты тұлға (ауылдық аурухана басшылары) медицина қызметкерлерінің халықты вакцинациялау ережелерін бұзғандықтары үшін ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 157 280 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды, – делінген ведомство хабарламасында.

Осы тексерумен 148 адамның құқығы қорғалды, оның 100-ден астамы кәмелетке толмаған балалар. Қадағалау актісі бойынша бюджетке 12,8 млн теңге қайтарылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу