Жетісуда бейнебақылау камералары арқылы 281 қылмыс ашылды

263

Жыл басынан бері камералар 24 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік берді.  

Жетісуда бейнебақылау камералары арқылы 281 қылмыс ашылды Фото: massaget.kz

Жетісу облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін цифрлық технологияларды қолдану жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жылдың алғашқы сегіз айында облыста бейнебақылау камералары арқылы 281 қылмыс ашылып, 24 434 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары 193 қылмыстың ашылуына ықпал етіп, 10 814 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған.

Бейнебақылау жүйелері құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап қана қоймай, олардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті жедел қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Азаматтардың өтініштері мен хабарламаларын қабылдау процесін жетілдіру мақсатында "Омниканалды" жоба да іске асырылып жатыр. 2026 жылы бұл жүйе арқылы 542 хабарлама тіркелген. Оның 439-ы "Заң мен тәртіп" мобильді қосымшасы арқылы түскен.

Сонымен қатар Жедел басқару орталығының қызметкерлері қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде жүрген адамдарды анықтап, олардың тарапынан болуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.

Полиция "Заң мен тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу