– 2018 жылы туған қыз бала ата-анасымен бірге демалып жүрген кезде суға батып кеткен. Оқиға шомылуға рұқсат етілмеген, арнайы белгілер орнатылған, бірақ жабдықталмаған учаскеде болған. Құтқарушыларға хабар сағат 13:30-да келіп түскен. Бала денесін ТЖД қызметкерлері сағат 14:00 шамасында судан алып шыққан, – делінген хабарламада.
Екінші оқиға дәл сол күні Қожбан ауылында тіркелген. 2007 жылы туған жасөспірім абайсызда Қаратал өзеніне құлап, cуға батқан. Жергілікті тұрғындар жасөспірімнің денесін сағат 14:30 шамасында өздері судан алып шыққан.
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқан балалардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.