Жетісуда діни экстремизмге қатысы бар күдіктілерден есірткі тәркіленді

119

Күдіктілер қамауға алынды.

Жетісуда діни экстремизмге қатысы бар күдіктілерден есірткі тәркіленді Фото: видео скриншот

Сарқан ауданы аумағында Полиция департаменті мен ҰҚК қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен бірлесе жүргізген операциясының нәтижесінде есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 3 жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында күдіктілердің екеуі діни экстремизм идеологиясын ұстанушылар екені анықталды. Тінту кезінде олардан ірі көлемде "марихуана" есірткі заты тәркіленді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағында әкелуге, шығаруға және таратуға тыйым салынған экстремистік мазмұндағы діни әдебиеттер табылып, тәркіленді.

"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары барлық мән-жайды анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде", – деді Жетісу облыстық полиция департаменті.

Полиция есірткі құралдарын тарату мен пайдалану, сондай-ақ экстремистік материалдарды сақтау және тарату  қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкелетін ауыр құқық бұзушылықтар екенін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу