Жетісу полицейлері Талдықорған маңында иесіз қалған үй құрылысынан қару-жарақ сақталған жасырын орынды тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қару-жарақ Талдықорғанның шетіндегі қараусыз қалған үй құрылысында сақталған.
"Сол жерде Vernery Carron қос ауызды және Сайга-12 мылтықтары тәркіленді. Екеуі де 12 калибрлі. Арнайы мәліметтер базасын тексере келе, табылған атыс қаруы 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласының аңшылық дүкендердің бірінде ұрланғаны анықталды", – деді Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу