2026 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша Жетісу облысында 289 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,5%-ға төмен.
Алаяқтық салдарынан келген жалпы материалдық шығынның 145 млн теңгеге жуығы жәбірленушілерге қайтарылған. Бұған жаңадан іске қосылған ANTIFROD жүйесі мүмкіндік беріп отыр.
Платформа арқылы қаражаттың қай шоттан аударылғанын және қай шотқа түскенін анықтауға болады. Бұл құқық қорғау органдарына алаяқтарды жедел анықтап, ұрланған қаражатты қайтаруға мүмкіндік береді.
Полиция азаматтарға оңай жолмен ақша табуды ұсынатын күмәнді компанияларға сенбеуге, жеке деректерін, SMS-кодтарды және банк картасының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.
Сонымен қатар жаңа оқу жылы қарсаңында жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесіне де ерекше назар аударылып отыр. Полиция ата-аналарға балаларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың интернеттегі және күнделікті ортадағы қауіпсіздігіне көңіл бөлуге кеңес береді.
Кездесулер барысында сталкинг пен сваттинг сияқты құқық бұзушылықтардың да алдын алуға ерекше мән берілмек.